Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: "Ертіс" футболшылары неге жаппай клубтан кетіп жатыр?

03.07.2019, 18:49
Жарнама
Жарнама
 Маусым басында жүлдеге таласамыз деген ұжым қазір турнир кестесінің ортасында сеңдей соғылып жүр. Жалпы "Ертістен" осы екі айдың ішінде 9 футболшы кетіпті. Павлодардың  "Ертісі" жазғы трансферлік терезе басталмас бұрын да, кейін де жалпы саны тоғыз бірдей ойыншымен қош айтысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Кереку ұжымнан кеткен ойыншылар: Қақпашы — Антон Цирин, қорғаушылар — Каспарс Дубра мен Бауыржан Тəңірбергенов, жартылай қорғаушылар — Павел Шабалин, Роджер Каньяс, Ойбек Балтабаев, Аслан Дарабаев, шабуылшылар — Мирослав Миравлев пен Момоду Сисей. Тоғыздың ішіндегі бесеуі қазақстандық ойыншы болса, қалған төрт ойыншы - легионер. Негізі клубтың басына қара бұлт мамырда болгариялық  бас бапкер Димитар Димитровтың қуылуымен басталған-ды. Сол кезде 1 мамыр күні Димитровты алдағы "Жетісумен"  болатын матч қарсаңындағы жаттығу жұмыстарына стадион күзетшілері кіргізбегені туралы көп ақпарат тарады. Ал клуб басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарып, Димитардың өзін салғырттық танытты деген сылтаумен келісім шартты мезэрзімінен бұрын үзетінін аңғартты. Міне, содан кейін болгариялық маман еліне қайтып, маусымның басында ФИФА-ға шағымданып, ісін сотқа берді. Бұны бір деңіз. Ал даудың екінші толқыны тікелей футболшыларға əсер етті. Мамындың соңында клуб басшылығы Аслан Дарабаев, Карлуш Фонсека жəне Рохер Каньясты келісілген матчтарға қатысы бар жəне бар ынта жігермен ойнамайды деп айыптаған-ды. Осы жайдан соң Аслан Дарабаев "пентакампиондар" сапынан кетіп қалды. Енді өзге ойыншылардың да шыдамы таусылғанға ұқсайды. Не десек те қазір "Ертістің" жайы тым мүшкіл болмаса да мəз емес екені анық. Өйткені, ұжым биылғы маусымда өте тəжірибелі ойыншылармен қатарын толықтырып, жүлделі орыннан дəмелі болатын. Ал шындығында бəрі керісінше болып шықты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров