Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: "Астана" - "Таразды" ірі есеппен жеңіп, көш басына қайта оралды

29.07.2019, 05:45
Жарнама
Жарнама

"Астана" - "Тараз" 4:0.

Гол авторлары: Р. Янга, 33, 71 мин, (дубль), Ф. Мубеле, 63 мин, М. Томасов, 88 мин.

"Астана" біріншіліктің 20-турында аутсайдерлердің бірі "Таразды" қабылдап, 4:0 есебімен жеңді.

Үзіліске дейін ел чемпиондары тек 33 минутта ғана Рангело Янга баспен салған голдан кейін есеп ашты.

Ал 2-таймда 63-минутта "Тулузадан" ауысқан шабуылшы Фирмин Мубеле шеберлігін паш етіп, ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты. Араға 8 минут салып оң қапталдан допты қақшып алған Марин Томасов әріптесі Янганың біздің чемпионаттағы алғашқы дублін жасауға септігін тигізді. Ал 88-минутта Мариннің өзі жақын бұрышты дөп көздеп "Астананың" 4-голының авторы атанды.

Осы жеңісінің арқасында "Астана" 41 ұпаймен бірінші орынға қайта жайғасса, еншісінде 16 ұпайы бар "Тараз" 11-орында.

Шамкен Байырбек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров