Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: "Астана" "Ордабасыны" жеңді

15.04.2019, 18:51
Жарнама
Жарнама
 ҚПЛ-дің 5 турында "Астана" Шымкенттің Ордабасысын 2-1 етіп әзер жеңді.  Гол авторлары: Д. Ротариу 15 мин, М. Томасов (пенальтиден) 66 мин,- Т. Жанғылышбай 44 мин. Турдың басты кездесуі саналған ойын басында екі клубтың жанкүйерлерін де біраз таңырқатпай қоймады. Себебі, алаңға шығатын ойыншылар тізімі жарияланғанда "Ордабасы" жанкүйерлері аһ ұрғаны анық. Өйткені, Шымкенттен келген ұжымның негізгі құрамдағы 6 ойыншысы белгісіз эпидемиямен ауырып, алаңға шыққан жоқ. Бұл қатарда биыл  "Орда" қақпасына әлі гол жібермеген Димитро Непогодовтан бастап Малый, Быстров, Досмағанбетов, Төлебек, Диакате, Коробкин, Щеткин, Механович бар. Матч тағдырын 66 минуттағы Марин Томасов сәтті орындаған пенальти шешті. Осыдан соң, Роман Муртазаевта да 11 метрлік айып соққысынан соң есепті 3-1 ге жеткізетін мүмкіндік болған-ды. Бірақ жас қақпашы Бекхан Шайзада бұл допты тойтарып, қақпасына үшінші голды кіргізбеді.

   Шамкен БАЙЫРБЕК.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров