Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: "Астана" Кабанангамен қош айтысты

28.06.2019, 01:38
Жарнама
Жарнама
"Астана" "Аль-Насрдан" жалға алу мерзімі аяқталған Джуниор Кабанангамен қоштасуды жөн деп санапты. Бүгін "Астананың" спорттық директоры Пол Эшурод жаттығу жұмыстары алдында конголық шабуылшының иығына шапан жауып, алғыс айтты. "Астана" 2018 жылы Кабананганы 1.7 млн. еуроға Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубына сатқан-ды. Ал қазір transfermarkt.de порталының жобалауынша нарықтағы құны 2 млн еуро. Жалпы алғанда Джуниор "Астана" жейдесінде 2015-17 жылдары жəне 2018-19 жылы жалда өнер көрсетті. Осы аралықта 128 ойынға қатысып, 42 гол салған жəне əріптестеріне 13 нəтижелі пас берген. Бұл Елорда клуб тарихындағы 3 көрсеткіш.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров