Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: 8 турдан сандар сөйлесін

03.05.2019, 20:20
Жарнама
Жарнама
Осы аптада Қазақстан премьер-лигасының 8 тур ойындары өтті. Енді назарларыңызға сол 6 матчта орын алған жайттардан аз-кем статистикалық нәтижелер ұсынамыз! ҚПЛ-дың 8-тур ойындарында алаң иелері 2 рет жеңіске жетсе, 1 матчта тең есеп тіркеліп, тағы 3 матч қонақтардың пайдасына шешілді. Бұл турда жалпы 22 гол соғылды. Оның 12-ін қазақстандықтар соқса, қалған 10 голды легионерлер соқты. Турдағы алғашқы голды ойынның 7-минутында "Астана" шабуылшысы Марин Томасов "Атырау" қақпасына соқса, соңғы голды Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы") "Тобыл" қақпасына ойынның 90+3-минутында салды. "Тараз" қорғаушысы Игорь Пикалкин осымен биылғы маусымдағы екінші қызыл қағазын алып, алаңнан қуылды. Өз алаңында "Оқжетпесті" қабылдаған "Тараз" екінші тур қатарынан өз қақпаларына автогол соқты. Бұл жолы қақпашы Самат Отарбаеа автогол авторы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша "Тараз" 4 автоголмен көш басында тұр. "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев әлі де болса сұрмергендер көшін бастап тұр. Ол маусым басталғалы 5 соққан. Ал бұл турда "Ордабасы" қақпашысы Димитро Непогодовтың "құрғақ" сериясы үзілді. Сырт алаңда "Тобылмен" 1:1 тең тарқасқан Шымкенттің клубы "Астананың" ұпай саны бойынша ұзап кетуіне мүмкіндік беріп қойды. 8 турда бар-жоғы 2 пенальти белгіленді. "Оқжетпес" шабуылшысы Стоянович "Тараз" қақпасына 11 метрлік айып соққысынан гол соқса, Азат Нұрғалиев "Ордабасы" қақпашысынан айласын асыра алған жоқ. Тек қазақстандық футболшы соққан голдың арқасында "Қайсар" өз алаңында "Қайратты" жеңді.(Марочкин, 52', Тағыберген, 63'-Эппель, 20'). Ал "Астананың" жеңіліссіз сериясы әлі үзілген жоқ. Одан бөлек, "Ақтөбе","Тараз" және "Ертіс" командалары маусым басталғалы тең ойын өткізген емес. Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 7:15. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 8:14. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 12:10. Турдағы орташа гол - 3,66. 0-9' арасында 1 гол; 10-19' арасында 3 гол; 20-29' арасында 2 гол; 30-39' арасында 1 гол; 40-49' арасында 0 гол; 50-59' арасында 2 гол; 60-69' арасында 5 гол; 70-79' арасында 4 гол; 80-89' арасында 1 гол; 90-90+' арасында 3 гол соғылды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров