Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: 6 турдан сандар сөйлесін. Статистикалық есеп

21.04.2019, 04:20
Жарнама
Жарнама
Қазақстан премьер-лигасының 6 тур ойындарының статистикалық есебін назарларыңызға ұсынамыз. Қызық ақпарат бүгінгі өткен 6 турды қабылдаған алаң иелері еш бір матчта жеңіске жете алмапты.  Төрт ойын қонақтардың пайдасына шешілсе, екі матчта тең есеп тіркелді. Бұл турда барлығы 8 гол соғылды. Оның 3-ін қазақстандықтар ойыншылар соқса, қалған 5 голдың авторы - легионерлер. Турдағы алғашқы голды ойынның 5-минутында көкшелік ойыншысы Стоянович "Атырау" қақпасына соқса, соңғы голды "мұнайшылардың" легионері Иванчич "Оқжетпес" қақпасына ойынның 65 минутында салды. Осы 6 ойынның тек біреуінде ғана қазақстандық ойыншының голы командаға жеңіс әкелді.  Яғни, "Ақтөбе" қонақта Абат Айымбетовтің нәжижелі соққысынан соң "Ертісті" жеңіп, 3 ұпайды қоржынға басты. Ал легионер соққан голдың арқасында жеңіске жеткен клуб ол - "Астана". Роман Григорчук жігіттерінен "Қайратқа" қарсы Дорин Ротариу жалғыз гол авторы атанды.  Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 3:5. Турдағы орташа гол - 1,33. 6 турда қызыл қағаз алған ойыншы саны - біреу. "Тараз" қорғаушысы Пикалкин "Шахтермен" болған ойында 61 минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бомбардирлер: "Тобыл" жартылай қорғаушысы, әрі капитаны  Азат Нұрғалиев пен Дорин Ротариу сұрмергендер көшін бастап тұр. Екеуі де 4 голдан соққан. Бұл турда "Ордабасының" қақпашысы Непогодов "Қайсарға" қарсы матчқа шығып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Ол әлі де болса биылғы маусымда гол жібермеген жалғыз - қақпашы. "Тобыл" өз алаңында "Жетісумен" тең түсіп, ұпай жоғалтты. "Оқжетпес" осы маусымда алғаш рет үш ұпай иемденді. Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 7:1. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 2:6.

  "Gaolstat"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров