Назарларыңызға Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ұсынған мәліметтерге сүйене отырып ҚПЛ-ның 19-турына жиналған жанкүйерлер туралы мәліметті ұсынамыз.
Ең алдымен "Астананың" еуромаусымдағы матчтарына байланысты 15 мамыр күні өткен "Ертіс" - "Астана" 0:4. арасындағы кездесуді 2 000 адам көруге келген.
Ал "Шахтёр" мен "Оқжетпес" 1:0. ойыны голға бай болмаса да Қарағандыдағы Орталық стадионға жиналған 4 000 жанкүйер жергілікті команданың жеңісіне куә болды.
"Қайсар" - "Ақтөбе" 0:1. 19-турдағы басты сенсацияның бірі тіркелген ойын болды. Ғани Мұратбаев атындағы стадионға келген 6 500 жанкүйер күтпеген жерден "Қайсардың" аутсайдерден қалай жеңілгенін лажсыз тамашалады.
"Тобыл" - "Қайрат" 3:5. Турдағы орталық ойында ең көп гол соғылды. Қостанайдың орталық стадионында өткен кездесуге 4 000 жанкүйер жиналыпты.
"Тараз" - "Жетісу" 2:0. Әулиеата өңірінің командасы өз алаңында Дмитрий Огайдың ұжымымен болған тартысты ойында 2:0-мен жеңді. Матчты 3 000 адам жанкүйер алаң жиегінен көрген.
"Атырау" - "Ордабасы" 1:0. Мұнайлы астанада өткен кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Кездесуді тамашалауға 4 500 адам жиналған.
Сөз соңында, 18-турда бас-аяғы 26 300 жанкүйер жиналса, 19- тур ойындарын алаң жиегінен көруге тура — 24 000 жанкүйер келіпті. Яғни, соңғы турдағы нәтиже сәл төмендеу.
Бір жағынан барған сайын нәтиженің төмендеуін де түсінуге болады. Себебі, қазір еліміздің көптеген өңірлерінде аптап ыстық ауа райы әлі қайтпай тұр.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET