Жарнама
Жарнама

Қонақта есе қайтарамыз ба?

14.10.2020, 21:21
Ұлттар лигасы. Беларусь-Қазақстан
Жарнама
Жарнама

Өз алаңымызда есе жібердік. Иа, тең дәрежеде өткен ойында ұпай жоғалтқанымыз Лига қорытындысында таяқ жегісбесе болғаны.

Ассалаумағалейкум, ұлттық құраманың ойыны десе деребесі қозып, өткен нәтижені елеместен, сарыла күтіп, үмітпен тамашалайтын оқырман.

Бүгін тағы ұлттық құрама үшін тақым қысып, экран алдында табжылмай отырып тамашалайтын ойын болмақ. Қарсылас Беларусь құрамасы. Иа, қарсыластың атынан ат үркейтіндей, ауызын айға білеген, жеңіуіміз мүмкін болмайтындай ұжым емес. Ойындағы шешімді қимылдар мен ұрымтал сәттерді ұтымды пайдалансақ жеңістің ауылынада қонақ болмақпыз. Ойынның маңыздылығы жоғары екендігін көзі қарақты көрермен жақсы түсінеді, тиісінше оны ойыншыларда ойынан бір сәткеде шығармайтыны анық. Бұл лига Қазақстан үшін келесі Еуропа додасына қатысуға үлкен мүмкіндік. Кейбір көрермен бұл қалай деп түсінбейде жатады. Өз тобымызда топ жарсақ, тағы бірнеше қадамнан кейін сол Еуропаның басты додасының финалдық сатысынада топ ете қалмақпыз, Жарайды бұл туралы кейінрек. Алдымен осы қонақтағы ойында есе қайтару керек. Енді ойын жағдайыны оралсақ. Біздің құраманың кейбір негізгі ойыншылары әр түрлі себептерге байланысты қатысу құқығынан айырылып қалған, сары қағаздарының шектен тыс көптігі, жарақаттанғандарыда бар. Бірақ, құрамамыздың ойыншылар құрамы соған қарамастан, қарсыластардан әлсіз деп айтуға келмейді. Демек, 3 ұпай үшін жанталасып, барын салып ойнау бізге теріс нәтиже бермесі түсінікті. Бүгін 00:45 те осы ойында өз құрамамызға жанкүйер болайық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров