Жарнама
Жарнама

ҚФФ төрешілер комитеті Арман Исмұратовқа жаза тағайындады

31.03.2021, 18:53
Исмұратов осы маусымның соңына дейін қызметінен шеттетілді.
Жарнама
Жарнама

Бүгін ҚФФ Төрешілер комитетінің төрағасы, ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі Сейілда Байшақовтың басшылығымен жиын өтті. Мұнда OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 1-турындағы "Атырау" мен "Шахтер" матчынан кейін "Мұнайшы" стадионында болған оқиғаны егжей-тегжейлі қарастырып, кінәлілерге жаза тағайындады.

"Төрешінің тәртіптік кодексіне" сүйене отырып, футболдың философиясы мен ойын заңдарын сақтау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес, бас төреші моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін ҚФФ төрешілер комитеті мынадай шешім қабылдады:

- Ойыншыны қорлап, онымен этикалық қарым-қатынас орнатпағаны үшін Арман Исмуратов 2021 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық жарыстарға қызмет көрсететін төрешілер тізімінен алып тасталсын;

- Төрешілер комитетінің шешімі ҚФФ бақылау-тәртіптік комитетіне берілсін және "Атырау" командасының футболшысы Сәбит Тастанбековке тәртіптік жаза қолдану туралы мәселе қарастырылсын;

- Бұл оқиға бойынша шығарылған шешім барлық қазақстандық төрешілерге жеткізілсін;

- ФИФА мен УЕФА төрешілер комитетіне ҚФФ төрешілер комитетінің шешімі туралы ақпарат жіберілсін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров