Еурокубоктердің 2-ші іріктеу кезеңінде өз алаңдарында өнер көрсеткен "Астана", "Қайрат" және "Тобыл" клубтарының стадиондарына 50 710 жанкүйер жиналған.
KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, "Тобыл"-"Пюник" кездесуін 7 700, "Қайрат"-"АЗ Алкмаар" кездесуін 20 000, "Астана" - "Мидтьюлланд" кездесуін 23 010 адам стадионнан тамашалаған екен.