Жарнама
Жарнама

Қазақстанда спорттық шараларға жанкүйерлердің қатысуына рұқсат етілді

25.02.2021, 02:53
Бұл шешім тек «жасыл» аймақта орналасқан облыстарға қатысты.
Жарнама
Жарнама

Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда карантинді 1 наурыздан бастап жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Соңғы жеті күн бойы "жасыл" аймақта орналасқан облыстарда 1 наурыздан бастап спорттық іс-шараларға жанкүйерлердің қатысуына рұқсат етілді (кешеннің 30%-на ғана).

24 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары "сары" аймақта тұр. Ал Қазақстанның бұдан басқа аймақтары "жасыл" аймаққа енген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров