Қазақстан жастар құрамасының экс-футболшысы Дмитрий Шмидт көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының ойыншысы атанды,- деп хабарлайды KazFootball.kz сайты.
Дмитрий Шмидт 2018 жылы павлодарлық "Ертіс" сапына ауысып , 31 мамырда клубтың жабылғанына дейін клуб құрамында болды. Ол өз мансабында оралдық "Ақжайық" , "Алтай" және " Восток" сынды клубтарда өнер көрсетті. 26 жастағы футболшы 90 матч өткізіп , 1 голдың авторы атанды. Ол Қазақстан жастар құрамасының сапында жолдастық кездесулерде доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET