Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы «Атырау» клубының жаттығуларына қатысты

17.02.2021, 02:34
Бапкерлер құрамы күн сайын әр клубтың жаттығу жиынына қатысуда
Жарнама
Жарнама

Бүгін Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құрама командасының бапкерлер штабы "Атырау" футбол клубының жаттығуларына қатысып, ойыншылардың физикалық деңгейіне тестілеу шараларын өткізді.

Бұл шаралар қазақстандық ойыншылардың физикалық жағдайы бойынша ортақ деректер базасын қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Футболшылар жылдамдық төзімділігіне бағытталған тестілерді орындап шықты. Ұлттық құрама бапкерлері тестілеудің нәтижелері бойынша атыраулықтардың дайындығына жоғары баға берді.  

Еске салайық, бұған дейін ұлттық құраманың бапкерлер құрамы "Ордабасы" мен "Тұран" клубының оқу-жаттығу жиынына қатысқан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров