"24сата" басылымының хабарлауынша, Словениялық төреші Славко Винчич Босния және Герцеговинада заңсыз қару-жарақ және есірткі сақтады деген айыппен қамауға алынды. Дереккөздің хабарлауынша, Винчич жезөкшелер жүретін жерде ұсталған, ол жерде мекеменің тағы 25 қонағы мен тоғыз жезөкше болған.
Тексеру барысында полиция тіркелмеген атыс қаруының 14 данасын, 14 пакет кокаинді, сондай-ақ жалпы құны 10 мың еуроны құрайтын ақшаны тапты.
Винчич осы маусымда Чемпиондар Лигасының үш матчында жұмыс жасады, оның ішінде Ливерпуль мен Генк арасындағы кездесу де бар. Словениялық төреші "Еуро-2012" кезінде Дамир Скоминаның көмекшісі болды және осы маусымда Қазақстан - Ресей (0 - 4) арасындағы матчта төрешілік етті.
Біздің серіктес: FONBET