Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы жеті ойыншысынан айырылды

10.11.2020, 01:57
«Аль-Айн» клубы Бауыржан Исламханды жібермеуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы түрлі себептерге байланысты жеті ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұл ойыншылар Талғардағы командалық жаттығуда болмады. Олардың көпшілігі соңғы матчтарда айтарлықтай ауыр жарақат алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басынан жарақат алған ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылмайтыны белгілі болды. Сондай-ақ, «Аль Айн» клубы құрама капитаны Бауыржан Исламханды жібермеуі мүмкін. Асхат Тағыберген мен Думан Нәрзілдаевтың та алдағы ойындарға қатысуы күмән туғызып отыр.

11 қарашада Қазақстан Черногориямен сырт алаңда жолдастық ойын өткізеді. Содан кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында 15 қарашада Албаниямен, 18 қарашада Литвамен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров