УЕФА Ұлттар Лигасының Қазақстан мен Грузия құрамалары кездесуінің қарсаңында команда ойыншыларының трансферлік бағалары жарияланды.
Sports.kz басылымының T
ransfermarkt.de сайтының деректеріне сүйене отырып хабарлауынша, Қазақстан құрамасы ойыншыларының бағасы бойынша Грузиядан 12 миллион еуроға арзан. Қазақстан Ұлттық құрамасы ойыншыларының жалпы құны 20,5 миллион еуроны құрайды. Ал, Грузиялық ойыншылардың бағасы 32,83 миллион еуро екен. Қазақстандық ойыншылардың ең қымбаты 2,5 миллион еуро тұратын Дмитрий Шомко болса, грузиялықтардың ең қымбат ойыншысы - мәскеулік "Локомотивтің" қорғаушысы Соломон Квирквелия екен, оның бағасы 8 миллион еуро.
Қазақстандық ойыншылардың арасында ең қымбат үштікке 1,8 миллион тұратын Бауыржан Исламхан мен 1,5 миллион еуроға бағаланатын Исламбек Қуат кіреді екен.