Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» бұрынғы бапкері ресейлік клубты тізгіндеді

23.03.2021, 19:24
Ресейлік маман соңғы кездері австриялық клубта жұмыс істеген болатын.
Жарнама
Жарнама

Александр Бородюк мәскеулік «Торпедоның» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 58 жастағы маманмен келісім 2021/2022 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

22 наурызда «Торпедо» клубы команданың бас жаттықтырушысы Сергей Игнашевичпен қош айтысатынын жариялады. Маманмен келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Бородюк 2002-2012 жылдар аралығында Ресей құрамасының жаттықтырушысы болды. 2013 жылы маман «Торпедо» клубының спорт директоры болып тағайындалды, ал 2014 жылы команданың бас бапкері ретінде «Торпедоны» Ресей Премьер-лигасына алып шықты. Маманның соңғы жұмыс орны австриялық «Хорн» командасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Александр 2015 жылы алматылық «Қайратпен» үш жылдық келісім-шартқа отырған болатын. Команда сапында өткізген алғашқы ресми матчында Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды. Алайда, ішкі біріншіліктегі үш турдан соң команданың сәтсіз ойын көрсетуіне байланысты қызметінен кетті.

Бородюк 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық құрамасына бас бапкері ретінде қызмет атқарды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров