![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/08/лучш-480x270.jpg)
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 23-ші турдың Үздік голы болып "Қайсардың" ойыншысы Братислав Пуношевацтың "Ордабасы" қақпасына соққан екінші голы танылды. Серб ойыншысының голын үздік деп дауыс берушілердің 43,74%-ы таныған.
Үздік голдардың үштігі төмендегідей:
1. Братислав Пуношевацтың екінші голы (Қайсар - Ордабасы) – 227 дауыс;
2-3. Братислав Пуношевацтың бірінші голы (Қайсар - Ордабасы) – 84 дауыс;
2-3. Марат Хайруллиннің голы (Атырау - Тобыл) – 84 дауыс.