Жарнама
Жарнама

Қазақстан клубтарының еурокубок ойындарының төрешілері

10.07.2018, 03:05
Жарнама
Жарнама
"Астана", "Қайрат" және "Ертіс" клубтарының еуропалық ойындарын венгр, валийлік және португал қазылары төрелік етеді. 11 шілде күні Елордадағы "Астана" мен черногориялық "Сутьеска" арасындағы ойынға венгриялық қазылар тағайындалыпты: бас төреші Ференц Карако, оның ассистенттері Иштван Ольберт және Петер Кобор, төртінші төреші  Петер Соймоши. Басталуы: Астана уақытымен 20.00-де. 12 шілдедегі "Қайраттың" Андоррадағы "Энгорданимен" ойынын Уэльс төрешілері: бас төреші - Айван Оруэл, ассистенттері - Гэрет Джонс және Дэниэл Бекетт, төртіншісі - Ник Прэтт. Басталуы: Астана уақытымен 00.00-де.
Сол күнгі "Ертістің" литвалық "Тракаймен" кездесуіне португал қазылары төрелік етеді: бас қазы - Фабиу Верисиму, көмекшілері -  Паулу Соареш пен Руй Тейшейра, төртінші қазы - Жоау Капела. Басталуы: Астана уақытымен 22.00-де.
 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров