ҚКФЛ (ПФЛК) ҚПЛ-ның 20-шы турының "Қайрат"-"Тобыл" кездесуінің уақытының не себепті өзгермейтініне түсінік берді.
Лиганың түсіндіруі бойынша, чемпионаттың 2-ші айналымының аяқталуына 3-ақ тур қалуына байланысты ешқандай резервтік күндер қарастырылмаған екен. Ал, бұл матчты 3-ші айналым уақытына қоюға 3-ші айналым күнтізбесін құрғанда командалардың орындары есепке алынатыны кедергі болады екен.