"Қазақстандық команда алғашқы минуттан бастап алға ұмтылып, жылдам гол соқты. Қарсыластың қорғанысына маза бермеген «Қайрат» ойыншылары есептегі басымдықты ұлғайтты.
Еурокубок маусымында алға қойған үлкен мақсатты орындау үшін «Қайрат» футболшылары кездесу соңына дейін бар күш-жігерін салмақ.
Қазақстан футбол федерациясы алматылық клубты жарқын жеңісімен құттықтап, Еуропа Лигасында табысқа жетуін тілейді", - деген мәтінмен федерация алматылықтарды құттықтады.