«WhoScored» порталы Қазақстан мен Франция (0: 2) арасындағы кездесуге қатысқан ойыншыларға баға берді.
39 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Мокин 8.0 ұпай жинап, матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Ол Килиан Мбаппенің пенальтиден жасаған соққысын қайтарды, сондай-ақ 7 сейв жасады.
Алаң иелері сапында екінші орынға қорғаушы Сергей Малый ие болды - 7.0. Тізімдегі үшінші орынды 6,7 ұпай жинаған Асхат Тағыберген мен Ян Вороговский өзара бөлісті.
Француздар сапындағы ең үздік ойыншы 7,8 ұпайға ие болды - Усман Дембеле және оған нәтижелі пас берген Антони Марсьяль. Тома Лемар мен Люка Динь 7,3 ұпаймен бағаланды.
Біздің серіктес: FONBET