Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионатының сәуір айындағы үздік бас бапкері және ойыншысы анықталды

17.05.2021, 21:55
Игорь Сергеев үздік голдың авторы атанған болатын.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтады. 

Жаңа маусымнан бастап үздік ойыншыны анықтауға арналған сауалнамаға бас бапкерлерден бөлек команда капитандары қатысады. 

Сәуір айының үздік ойыншысы болып елордалық «Астана» командасының легионері Марин Томасов атанды. Хорватиялық ойыншы 45 ұпай жинады. 

Аталмыш тізімдегі екінші орынға шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Жоао Пауло орналасты. Ол 30 ұпайға ие болды. Үшінші орында – «Тараз» командасының көшбасшысы Педро Эуженио. Португалиялық ойыншы 20 ұпайға қол жеткізді. 


Сәуір айының үздік бас бапкері болып «Астана» командасының жаттықтырушысы Андрей Тихонов атанды. Ресейлік маман 5 ұпай жинады. 

Екінші орынды 4 ұпаймен «Тараз» командасының бас бапкері Вардан Минасян иеленді, үздік үштікті ақтаулық «Каспий» командасының бапкері Срджан Благоевич (4 ұпай) түйіндеді. 


Жүлделерді жеңімпаздарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 11-турындағы «Астана» - «Жетісу» матчының алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров