Амангелді Муатқанұлы 1969 жылы 11 мамыр күні ШҚО Мақаншы ауданында диние есігін ашқан. Қызмет жолында 1991мен 1994 жылдары «Спорт» газетінде тер төгіп, 1994 жылы «Қазақстан» Телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болды. Осы орайда ол арнадағы спорт бөліміндегі бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды. Осындан соң «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды. Ал 1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келеді. Негізі дәл осы «Хабар» арнасындағы қызмет жолында сыналды, ысылды деп айтуға болады. Өйткені, футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды. Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын , 2000 жылы Сиднейдегі Олимпия ойындарын, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі ақ Олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлетті. Ақыры төгілген тер өз жемісін беріп, Амангелді Сейітхан 2000 жылы еліміздегі спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.