Футболдан әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Павлодарда Англия құрамасын қабылдады.
Бұл іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын болатын. Қарсыласымыз футболдың отанынан келген. Әрине, екі команданың деңгейі бөлек. Бірақ ең болмаса бір гол соқсақ қой деп отырдық. Бірақ...
90 минуттың ішінде ағылшын арулары Оксана Железняк қақпаға алты гол соқты. Әзірге бас бапкер ауыстырғанмен де, өз нәтижесін бермей тұр. Мәселе тереңіректе жақсы түсінеміз.
Өкінштісі, әйелдер құрамасында гол соғатын футболшы жоқ. Көбінесе, ірі есеппен ұтыламыз.
Осылайша, Қазақстан үшін әлем чемпионатының іріктеу бәсекесі аяқталды. Жинағанымыз үш ұпай. Соңғы орында қалып қойдық.
Қазақстан – Англия – 0:6 Голдар: Мид, 9-пенальтиден (0:1). Дейли, 35 (0:2). Кристиансен, 54 (0:3). Стэнифорт, 66 (0.4).Мид, 82 (0:5).Бронз, 87 (0:6).
Пенальти соға алмады: Мид, 70
Қазақстанстан: Железняк, Қожахмет, Бурова, Кәрібаева (Гайстенова, 43), Күлмағамбетова (Бортникова, 74), Қырғызбаева (к), Нұрышева,Мясникова, Жұмабайқызы, Тұрлыбекова, Власова (Вылданова, 53).
Англия: Ирпс (Телфорт, 67), Бланделл, Джордж, Уолш (Бронз, 62), Макманус, Уильямсон, Братон, Кристиансен, Дейли, Стэнифорт, Мид.
Төрешілер: Гутева, Маринова, Иванова (бәрі де – Болгария)
Павлодар. «Орталық» стадион.