Мексика құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рафаэль Маркес 39 жасында футболшы мансабын аяқтады.
Ойыншы өзінің ұлттық құрамасы сапында бес әлем чемпионатына қатысыпты. 22 жыл жоғары деңгейдегі спорттық мансабында Мексиканың "Атлас" және "Леон", Францияның "Монако", Испанияның "Барселона", Италияның "Верона" және АҚШ-тың "Нью-Йорк Ред Булз" клубтарында өнер көрсеткен екен.