21-жасар қорғаушы Қуаныш Қалмұратов "Ақжайыққа" (2:0) қарсы ойында өзінің батыс қазақстандық клуб сапында Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші ойынын өткізді.
"Атырау" сапындағы дебютті ойынын 2015 жылы 8 сəуірде "Жетісуға" қарсы ойында өткізген.
"Атыраудың" Премьер-лигадағы ойындар саны бойынша үздіктері:
1. Айбар Нұрыбеков – 83 ойын;
2. Қуаныш Қалмұратов – 50;
3. Марат Хайруллин – 49;
4. Алтынбек Сапаров – 45;
5. Новица Максимович – 41;
6. Эдуард Сергиенко – 39;
7. Эльдар Абдрахманов – 37.