Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" жас ойыншысы агенттердің жетегінде кеткен

25.07.2018, 19:24
Жарнама
Жарнама
Алматының "Қайрат" ФК-ның жас ойыншысы Акмаль Бахтияров ресми ойындардан шеттетіліп, айыппұл төлейді. "Қайрат" ФК-ның жас ойыншысы Акмаль Бахтияров маусым айының соңында өз еркімен клуб қарамағынан кетіп қалған. Бірнеше мәрте бұл ақпаратты жоққа шығарып, ойыншының болшағына алаңдаған клуб соңғы сәтте мәселені шешу инстанциясына шағымданған. 24 шілде күні Дауларды шешу палатасы ойыншыны диквалификацияға жіберу және айыппұл салу туралы шешім шығарды. "Қайрат" ФК-ның ресми ақпаратына сай, ойыншыны әлдебір футбол агенті жақсы жағдайлар жасауға уәделер беріп сендірген көрінеді. Акмаль Бахтияров "Қайраттың" сапында Қазақстан Кубогі жолындағы ойындарда ерекше көзге түсіп жүрген алматылық клубтың жас ойыншыларының бірі болған.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров