Бүгін "Қайраттың" даңқты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаевтың туған күні. Қазақ футболы тарихындағы есім-сойы елеулі ардагер 1949 жылдың 6 тамызы күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Аяқдоп əлеміне жергілікті "Металлург" мектебі арқылы қадам басты.
Одақ тұсында Алматының "Қайраты" сапында КСРО чемпионатында 185 ойын өткізген. Ал 1984 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.
Қызмет жолы:
1992-95 жылдары Қайрат клубының вице-президенті;
1996-2000 жылдары Қазақстан футбол ассоциациясының президенті;
2003-2008 жылдары "Қайрат" ФК президенті;
Қазір Алматыдағы 4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры.
Шамкен БАЙЫРБЕК
Біздің серіктес: FONBET