Жарнама
Жарнама

"Қайрат" ұшып кете жаздағанда Андрей шықты. Eurosport Аршавиннің ойынына тамсанды

28.08.2018, 20:33
Жарнама
Жарнама
Ресейлік ойыншы бір гол салып, екі нәтижелі пас берді. Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 24-ші туры аясында "Атырау"  командасымен тартысты ойын өткізді. Ойын Алматыда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды (есеп 4:2). Бұл кездесуде Андрей Аршавин командасының жеңісіне үлкен үлес қосты. Футболшы бір гол салды және екі нәтижелі пас шығарды. Оның үстіне ресейлік ойынға тек 59-шы минутта қосылған. Ол кезде 1:2 есебімен атыраулықтар ұтып жатқан еді. Осылайша, Аршавин ойын арнасын кері бұрды. Бұл жағдайды Eurosport порталы атап өтіп, Аршавинн әлі де жақсы қалыпта екенін жазды. "71-ші минутта Андрей қақпа бұрышына дәл соққан голымен жағдайды түзеді. Осыдан кейін Аршавин өзі-ақ гол сала аларына қарамастан Эсеолаға көмектесті. Ал соңында Аршавин допты Эсеола баспен соққы жасай алатындай етіп іліп көтерді", - деп жазады Eurosport.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров