"Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры аясында "Тұран" клубын қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта 5:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Ойынның 2-минутында Айбол Әбікен алғашқы голды соқты. Араға үш минут салып Камо Оганесян есепті еселеді. 30-минутта Айбол Әбікен дубль авторы атанды. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Хосе Канте өз командасының төртінші голын соқты. "Тұран" сапындағы жалғыз голды Қасым Таипов 90-минутта соқты. Бірақ ойынның нүтесін Адеринсола Эсеола қойды.
Үш ұпайға еш қиындықсыз қол жеткізген алматылық ұжым алғашқы орынға шықты (10 ұпай). Ал 2 ұпайы бар "Тұран" он бірінші орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET