![](https://pp.userapi.com/c834103/v834103439/1a15f6/HHPXmXI20uw.jpg)
Қазақстан Премьер лигасының 20-шы туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдайды, деп жазады
prosports.kz.
Аталған кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақыты 19:00-де басталады.
Ойынның жоғары деңгейде әділ өтуін қадағалайтын төрешілер тобы төмендегідей:
Төрешілер: Григорий Московченко, Рустам Суюнов, Андрей Попов (барлығы - Павлодар)
Төрешілердің қосымша көмекшілері: Денис Тевяшов (Орал), Асхат Абданбаев (Тараз)
Резерв төреші: Сергей Гороховодацкий (Алматы)
Инспектор: Николай Бублинский (Қарағанды)