![](https://sun9-1.userapi.com/c635103/v635103445/39186/rMOE9ADFvBs.jpg)
Алматылық «Қайрат» ел чемпионатындағы үзілісті сәтті пайдаланып қалмақ.
9 қыркүйекте алматылық команда Ресейдегі үздік клубтардың бірі петерборлық «Зенитпен» жолдастық матч өткізеді. «Зенит» осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 16 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.
Командалар арасындағы жолдастық матч Сан-Петерборда өтеді деп күтілуде.
Айта кетейік, «Қайрат» сапында «Зениттің» аңызына айналған Андрей Аршавин өнер көрсетеді. Ол «Зенит» сапында жалпы алғанда 10 жыл ойнап, Ресейдің үш дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар, УЕФА Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.