Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Қайсармен» ұпай бөлісті

07.11.2020, 22:37
Ойында жалпы төрт гол соғылды.
Жарнама
Жарнама

Алматылық "Қайрат" Қазақстан чемпионатының 18-тур матчында Қызылордалық "Қайсармен" тең ойнады. Кездесу "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы голды 45-минутта алматылық команданың қорғаушысы Сергей Кейлер соқты. 64-минутта Конрад Вжесиньски есепті еселеді. Ал "Қайсар" шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе 70-минутта гол салып, есеп айырмасын қысқартты. Иван Граф 89-шы минутта көзге түсіп, командасына бір ұпай сыйлады.

Бұл ойыннан кейін "Қайрат" 45 ұпаймен бірінші орында қалды. "Қайсар" 21 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров