"Қайрат" Премьер-лиганың үшінші туры аясында "Тараз" клубымен кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 9-минутта "Қайрат" футболшыларының қателігін сәтті пайдаланған "Тараз" шабуылшысы Педро Эуженио соқты. Ал 35-минутта Бауыржан Байтана есепті еселеді. 55-минутта "Қайрат" сапындаға алғашқы кездесуін өткізген Хосе Канте дебюттік голын соқты. 66-минутта Вагнер Лав таразы басын теңестірді.
Бір ұпайды қанағат еткен алматылық ұжым 7 ұпаймен көш басында қала берді. 5 ұпайы бар "Тараз" бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET