"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры қарсаңында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойынның 24-минутында "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав қызыл қағаз алды. Бірақ Шпилевский шәкірттері шабуыл жасауын тоқтатпады. 61-минутта Гүлжігіт Алықұловтың пасынан кейін Адеринсола Эсеола көзге түсті. Ал 89-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Штрели Мамба есепті еселеді. Ойын аяқталды ма деп едік, 94-минутта Хосе Канте командасының үшінші голын соқты.
Үш ұпай еншілеген алматылық ұжым үшінші орынға көтерілді (15 ұпай). Александр Седнев жаттықтыратын "Ордабасы" 13 ұпаймен алтыншы орынға сырғыды.
Біздің серіктес: FONBET