Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Гвинея құрамасының шабуылшысымен келіссөздер жүргізуде

25.02.2021, 03:05
Шабуылшы алматылық клубқа еркін агент ретінде қосылады.
Жарнама
Жарнама

Гвинея ұлттық құрамасының 30 жастағы шабуылшысы Хосе Канте алматылық "Қайрат" сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Meczyki.pl сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, Хосе Канте сейсенбі күні "Легия" клубымен келісім-шартты бұзған. Ол польшалық клубта 2,5 жыл ойнап, өткен маусымда ел чемпионы атанды. 27 кездесуде 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Шабуылшы "Қайратқа" еркін агент ретінде ауысады. Канте бұған дейін каталондық "Химнастик", польшалық "Плоцк" пен "Гурник" және грекиялық "АЕК Ларнака" командаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров