Жарнама
Жарнама

"Қайрат" голландиялықтарды сүріндірді

27.07.2018, 04:00
Жарнама
Жарнама
Алматылық "Қайрат" ойыншылары  тыңғылықты дайындалғандығы бүгінгі ойында көрініп тұрды. Ойын басталғаннан шабуылдан қайтпаған алматылықтар 12-минутта Хабиб Эсеоланың голының арқасында алға шықты. Одан кейін қорғанысқа көңіл бөлген алаң иелері алғашқы 45-минутта осы есепті сақтаудың жағдайын қарастырды. Бірақ, голландиялық ұжым оған келіспей кескілескен ұрыс жүргізуге дайын екендігін өз ойынымен дәлелдеді. Алғашқы таймда тәп-тәуір өнер көрсеткен ''Аз-Алкмар" командасы ойынға деген құлшынысын жоғалтып алғандай әсер қалдырды. Өз ойынын жоғалтқан голландиялық ұжымды, 2-ші голын соғып Хабиб Эсеола "тақырға" отырғызып кетті. Одан кейінде ойын бір сарында жүріп, Алматылық ұжым 2-0 есебімен жеңіске жетті.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров