Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Еуропа Лигасындағы келесі қарсыласынан екі есеге қымбат

04.08.2018, 06:06
Жарнама
Жарнама
Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Қайраттың" қарсыласы "Сигма" (Чехия) клубының ойыншылар құрамы алматылықтардан екі есе арзан екен. sports.kz сайтының хабарлауынша, "Сигманың" ойыншылар құны 9,45 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы - жартылай қорғаушы Якуб Плшек. Тағы екі жартылай қорғаушылар Симон Фалта мен Давид Гоуска 1 миллион еуроға бағаланады. Ал, "Қайраттың" құрамы 17,55 миллион еуро тұрады. Ең қымбат ойыншылары - Исаэль 2 миллион, Исламхан 1,8 миллион, Қуат 1,5 миллион еуроға бағаланады. Ойыншылар құны Transfermarkt.de сайтының мәліметтері негізінде белгіленген.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров