Алматылық «Қайрат» клубының баспасөз қызметі бас бапкер Алексей Шпилевскийдің командадан кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Қайрат» футбол клубы бас бапкер лауазымына ешқандай үміткерлерді қарастырмайтынын ресми түрде мәлімдейді. Клуб Алексей Шпилевскиймен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасқан және бапкердің өзі осы отбасының мүшесі болғанына қуанышты», - деп жазады алматылық клубтың баспасөз қызметі.
Беларуссиядан келген 33 жастағы маман «Қайратта» 2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Команда оның жетекшілігімен өткен маусымда 2004 жылдан бері алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Жазда алматылық клуб Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Біздің серіктес: FONBET