Елордалық "Астана" Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Қайратпен" кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 0:3 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті.
Бірінші таймда алаң иелері гол соғатын тамаша мүмкіндіктерге ие болғанымен, есеп ашудың сәті түспеді. Дегенмен, қосымша уақытта Раде Дугалич Рикарду Алвештің бұрыштамадан асырған пасын сәтті түйіндеп, командасын алға шығарды. 67-минутта Сергей Кейлердің нәтижелі пасынан кейін Хосе Канте есепті еселеді. Ал бес минуттан кейін Артур Шушеначев баспен гол соқты. Бұл жолы да голдық пасты Кейлер өз атына жазды.
Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 20 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET