Жарнама
Жарнама

"Пюниктің" легионерлері Қостанайға келмеуі мүмкін

25.07.2018, 21:51
Жарнама
Жарнама
Қостанайдың "Тобыл" клубымен болатын Еуропа Лигасының ойынына "Пюник" клубының бес бірдей легионері келмеуі ықтимал. sports.kz сайтының sport24-ке сілтеме бере отырып хабарлауынша, армениялық клуб легионерлерінде Қазақстанға кіру үшін визалық мәселелер туындаған. Жағдай осылайша қала беретін болса, "Тобылға" қарсы "Пюниктің" келесі легионерлері ойнай алмайды: Мохамед Конате, Дрисс Диаррасуба, Бакара Бальде, Дидье Кадио және Андрии Драгоевич.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров