Жарнама
Жарнама

"ПСЖ" Неймарды УЕФА санкцияларына байланысты сатуы мүмкін

18.08.2018, 19:14
Жарнама
Жарнама
"ПСЖ-ның" шабуылшысы Неймар клубтан кетуі мүмкін. Испаниялық Sport басылымының хабарлауынша, УЕФА француз суперклубына қатысты тергеуін жалғастыруда. Париждік клубқа ұсынылған демеушілік ұсыныстарға байланысты "ПСЖ-ға" шектеулер қойылуы мүмкін. УЕФА-ның апелляциялық комиссиясының шешімі тамыздың аяғында жариялануы тиіс екен. Бірақ париждік клуб өкілдері бәрі ойдағыдай боларына күмәнсіз. Алайда, париждік клуб үшін жағымсыз қорытынды шығатын болса, клуб басшылығы "Реал" қызығушылық танытып отырған Неймармен қош айтысуға дайын көрінеді.   Бұған дейін "корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес бразилиялық жұлдыз үшін 300 миллион еуро төлеуге дайын екендігі жарияланған болатын.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров