Жарнама
Жарнама

"ПСЖ" - Милинкович-Савичті сатып алу үшін, бір ойыншысын қосып бермек

25.06.2019, 20:19
Жарнама
Жарнама
"Пари Сен-Жермен" жақын күндері "Лацио" жартылай қорғаушысы Сергей Милинкович-Савичтің трансферін аяқтамақ. Тіпті, ол үшін өткен жазда "Зениттен" 47 млн. еуроға сатып алған Леандро Паредесті де қоса беруге мүдделі. Өйткені, "Лацио" сербиялық футболшы үшін кемі 75-80 млн. еуро сұрап отыр. Ал "ПСЖ"-ның спорттық директоры Леонардо бұл бағаны жоғары санап, жеңілдету үшін аргентиналық ойыншыны іске араластырғысы келеді. Бұл туралы "Paris United" басылымы мәлімдеді. Негізі Милинковича-Савичпен  "ПСЖ" келісімге келіп қойған, тек қол қойылмаған. Егер жоғарыдағы мәселе шешілсе трансфер сәтті аяқталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров