«ПСЖ» клубының президенті Насер Әл-Хелаифидің басы дауға қалды
28.05.2019, 15:30
Жарнама
Жарнама
Катар елінің кәсіпкері жеңіл атлетикадан 2019 жылы өтетін әлем чемпионатының астанасын таңдау кезінде жемқорлыққа барды деп айыпталып жатқан көрінеді. Сәл ертеректе жеңіл атлеттер сайысын Доха қаласы ұтып алған болатын. Алайда, таңдау алдында Әл-Хелаифи халықаралық жеңіл атлетика федерациясының бұрынғы басшысы Ламин Диактың есеп-шотына дауыс беру алдында 3,5 млн доллар аударуға пәрмен берген көрінеді. Аталған іске қатысты катардың BeIn медикомпанияның Юсеф әл-Обайдли де күдікке ілінді. Ол «ПСЖ» клубының директорларын кеңесінің мүшесі екені белгілі. Әзірге француз командасы президенттеріне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Ал әл-Хелаифидің адвокаты барлық айыптарды теріске шығарды. Ертеректе 2015 жылдың қараша айында Диакты француз билігі қамауға алған еді. Оған бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясынан пара алып, орыс спортшыларының допинг сынамаларын жасырып қалған деген айып тағылған-ды.