"France football" басылымының мәліметіне сүйенсек, жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде "Пари сен-Жермен" "Аякстың" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бекті сатып алуға ниетті. Өз кезегінде клуб ойыншыны 60 млн. еуроға бағалап отыр. Дегенмен бұл қаражаттың өзін Париждің клубы көпсінбесі мүмкін. Өйткені, жас голландиялықтың ойыны көңіл көншітерлік жоғары деңгейде. Егер асықпаса ойыншыға "Милан" да қызығушылық танытып отыр.
22 жастағы футболшы биылғы маусымда ішкі біріншілікте 32 матқа қатысып, 8 гол соққан. Ал Чемпиондар лигасындағы 16 ойында 3 голмен көзге түсті. Жалпы "Аякспен" арадағы келісім 2022 жылға дейін жарамды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.