Жарнама
Жарнама

Португалия - Ұлттар Лигасының тұңғыш чемпионы

10.06.2019, 08:14
Жарнама
Жарнама
Португалия - Голландия 1:0 Гол авторы: Г. Гуэдеш, 60 мин. Португалия. Порту.  "Драгау" стадионы. Бас төреші: Альберто Ундиано Мальенко (Испания). Санаулы минуттар бұрын ғана Португалияда УЕФА аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Ұлттар Лигасы деп аталатын су жаңа бəсекенің чемпионы анықталды. Ақтық сында Голландия мен Португалия кім мықтыны анықтауға мүмкіндік алған-ды. Ойын басталған беттен өз жерінде өтіп жатқан матчты Португалия құрамасы қарқынды бастады. Көбіне айып алаңына жақын тұстан жиі-жиі тебумен болды. Ал нидерландықтар да ара тұра шабуыл ұйымдастырғанымен қауіпті сəт жасады деп айта алмаймыз. Жанкүйер күткен бар қызық екінші таймда басталды. Тағы да шабуылда белсенді болған Португалия футболшылары 60 минутта Яспер Силиссенде сан соқтырып кетті. Жылдам шабуылға шыққан турнир қожайындары сапынан Гонсалу Гуэдеш шиіре тепкен доп қақпа торында тулады. Міне, осыдан кейін Голландия құрамасы шындап іске кірісті. Мемфис Депай бір емес екі бірдей қауіпті сəт ұйымдастырған. Алайда, қырағы қақпашы Руи Потрисиу шебер ойнады. Ал 81 минутта Донни Ван де Бек тепкен доп   қақпадан сəл ғана биік ұшты. Қанша тырысқанымен екі команда да 60 минуттан соң гол соға алмады. Турнир қорытындысы бойынша Португалия құрамасының ойыншысы Бернарду Силва Ұлттар Лигасының үздік футболшысы атанды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров