Жарнама
Жарнама

Петр Чех футбол ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынды

12.12.2020, 18:58
Петр Чех еш қозғалыссыз пенальтиді тосу өте қиын деп есептейді.
Жарнама
Жарнама

Лондондық «Челси» сапында мансабын қайта бастаған аңызға айналған 38 жастағы чехиялық қақпашы Петр Чех Англия чемпионатының 12-турындағы «Лидс» пен «Вест Хэм Юнайтед» матчындағы эпизод (1:2) туралы айтты, ол кезде VAR пенальти барысында қақпашының орнынан шығып кеткенін анықтаған болатын.

«Мен кез-келген қақпашы аяғын қозғалтпай пенальтиді (7м 32см×2м 44 см) қалай қайтаратынын түсінбеймін, ал ойыншы допты 11 метр жерден 110 км/сағ жылдамдықпен тебеді. Осындай көрсеткіштермен доп қақпа сызығын 0,35 секундта кесіп өтеді.

Ендеше, қақпа сызығынан бір метр қашықтықта тағы бір сызық салайық. Қақпашылар пенальти тосатын кезде дәл осы сызықтардың арасында тұрсын», - деді Чех.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров