Ағылшындық қос клуб өз шабуылшыларымен еңбек келісімдерінің мерзімдерін ұзартты.
"Манчестер Сити" Габриэль Жезуспен 2023 жылға дейін ұзартса, "Челси" Педро Родригеспен 2020 жылға дейін ұзартқан екен. Ақпаратты клубтардың ресми сайттары хабарлады.
Жезус "Манчестер Сити" сапында 2017 жылдың қаңтарынан бері 53 матчта 24 гол салған. Ал, Педро "Челсиде" 2015 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді және 131 ойында 28 гол салған екен.