Жарнама
Жарнама

Пауло Дибала - "Ювентустан" кеткісі келеді. Криштианудың қандай қатысы бар?

12.06.2019, 19:24
Жарнама
Жарнама
"Sky Sports" мәліметінше, Пауло Дибала осы жазда "Ювентустан" басқа клубқа ауысқысы келетін көрінеді. 25 жастағы аргентиналықтың бұлай шешім қабылдауына Криштиану Роналдудың командаға қосылуы себеп болған. Өйткені, Криро келгелі "Ювентус" 4-3-3 жүйесіндегі ойынға көшті. Осылайша, Дибала алдыңғы маусыммен салыстарғанда бұл маусымда алаңға жиі шықты. Оған қоса өзінің оң жамбасына келетін қапталда емес, өзге алаң бөлігінде өнер көрсетіп жүрді. Паулоны өз қатарларынан "МЮ" мен "Интер" көргісі келеді. Соңғысы Мауро Икардимен алмастыруға дайын. А сериясының 2018-19 жылғы маусымында Дибала 30 мачқа қатысып (24-ін негізгі құрамда), 5 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров